Атырауда Астананың мәдениет күндері басталды

None
None
  АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда Астананың мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, яғни 19 мамырда Халық шығармашылығы орталығының ғимаратында Астаналық «Жастар» театрының қойылымы өтеді. Сұлтан Бейбарыс алаңында «Астанаға арнау» атты Н.Жантөрин атындағы филармония ұжымы гала-концерт өткізеді»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Сондай-ақ 20 мамырда Сұлтан Бейбарыс алаңында Атырау облысының вокалды инструменталды ансамбльдері өнер көрсетеді. 21 мамыр - «Жастар» театры, ал облыстық Н.Жантөрин атындағы филармониясында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

22-23 мамырда Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде Астаналық Тәуелсіздік сарайының көрмесі ұйымдастырылса, ал Сұлтан Бейбарыс алаңында «Астанаданақ тілек» гала-концерті өтеді. 23 мамыр күні сағат 19.00-де осы алаңда үлкен концертте Астананың академиялық оркестрі өнер көрсетеді»,- деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фото: sxodim.com

Соңғы жаңалықтар