+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атырауда Аshyq жобасының көшбасшылары сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді

2021 жылғы 15 қыркүйек 00:15
Бөлісіңіз:
Атырауда Аshyq жобасының көшбасшылары сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Аshyq жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Pfizer вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90% тиімді Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілері сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды» -делінген қаулыда.

Сондай-ақ, «Аshyq» жобасына қатыспайтын нысандардан басқа «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижемен тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) көрермендермен спорттық іс-шараларды 30%-дан аспайтын уақытта толтыруға рұқсат етіліп отыр.

Жаңа қаулыда 15 қыркүйекте сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда кейбір нысандардың жұмыс уақыты түнгі 02:00-ге дейін созылатынын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT