Атырауда Аshyq қосымшасы «қызыл» мәртебелі 20 адамды анықтады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ashyq жобасына қосылған 264 нысан QR код алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадіржан Оразғалиевтың мәліметінше, Ashyq жобасына қатысуға 314 өтініш түскен.

«Қазір жобаға 196 нысан қосылып, 264-і QR код алды. Ал, 68 нысан сынақ режимінде жұмыс істеуді бастады. Карантиндік шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 3 кәсіпкерлік нысаны жобадан 2 аптаға шеттетілді. QR код арқылы «қызыл» санаттағы 20 азамат анықталды. Бұлар – коронавирус инфекциясымен келушілер. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған «сары» санаттағы 21 азаматқа түсіндіру жұмысы жүргізілді» -дейді Қадіржан Оразғалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ілкі жобаға 184 кәсіпкерлік нысаны қосылған болатын.


Соңғы жаңалықтар