Атырауда арнайы мектеп-интернатта екі жаңа аудиокласс пайда болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Арнайы мектеп-интернатта Атырау облысының түрлі аудандарынан 3-18 жас аралығындағы 120 бала оқиды және сонда тұрады. Бұл туғаннан естімейтін немесе кейін келе есту қабілетінен айырылған балалар, оның көпшілігі - мүгедек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AYALA қайырымдылық қоры ЭксонМобил Казахстан Инк. компаниясының (бұдан әрі - ЭксонМобил) демеушілік қолдауымен осы мектеп-интернатқа интерактивті панельдері бар екі заманауи «Унитон Форте» аудиоклассын тапсырды.

Жобаның жалпы бюджеті - 9,3 млн теңге.

«Денсаулық сақтау - біздің компанияның әлеуметтік жобаларының басым бағыттарының бірі. Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарта отырып, біз адамдарға өмірдегі ең басты нәрсе- денсаулықты сақтауға көмектесеміз. ЭксонМобил өңірдің медициналық орталықтарына көмек көрсетуде AYALA қайырымдылық қорымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Компанияның денсаулық сақтау саласына салған инвестициялары Атырау облысы халқының денсаулығы мен әл-ауқатына айтарлықтай оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз» дейді ЭксонМобил компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ақмарал Сабирова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы 18 жасқа* дейінгі 87 мың мүгедек баланың ішінде 4,5 мың баланың есту қабілеті бұзылған, бұл елдегі балалардың жалпы санының 1,5% құрайды.

Бұл ретте мүгедектігі бар балалар санының өсуі байқалады. 2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 147 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер тіркелді, оларға есту қабілетінің әртүрлі бұзылуы да кіреді.

«Бізде негізінен тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ қамқорлықтағы балалар білім алуда. Біздің 50 оқушымыз Атырау облысының шалғай аудандарынан келеді. Біз тәрбиеленушілерімізге олардың дамуы, оқуы және әлеуметтік бейімделуі үшін барлық жағдайды жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондықтан бізде үйірмелер мен футболдан спорт секциясы жұмыс істейді. Қордың көмегінің арқасында бізде қазіргі заманғы аудио сыныптар бар. Олар бізге есту қабілетін, сөйлеу қабілетін дамыту бойынша сабақтар өткізуге мүмкіндік береді, барлық қамқорлықтағы балаларды оқытудың тиімді әдістемесімен қамтуға көмектеседі. Бұл үлкен және өте құнды сыйлық, сондықтан ұжым атынан ЭксонМобил компанияның өкілдігіне алғысымды білдіремін», - деп түсіндірді мектеп-интернаттың директоры Фатима Мұсақызы Баймұханова.

Аудиосынып сабақ кезінде толық есту-сөйлеу ортасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Онда бір мезгілде 8 балаға дейін айналыса алады.

Оқушылардың жұмыс орындары кіріктірілген микрофонмен жабдықталған. Мұғалім сабақ кезінде радиомикрофонның арқасында сынып бойынша еркін қозғала алады.

Оқушының пульті арқылы оның есту аппаратына немесе құлаққапқа оқытушының микрофонынан, өзінің пультінің микрофонынан және сыныптағы барлық басқа оқушылардың пульттерінің микрофондарынан анық және сапалы дыбыс беріледі.

Ол сондай-ақ дауыс жұмысының жарық индикаторымен жабдықталған.

Бұл сөз ырғағын, сөйлеу қарқынын, үзілісті, сондай-ақ сөз бен сөз тіркестерінің біріктірілген және бөлек айтылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің басқару пульті оған сабақ, дәріс режимінде материал беруді таңдауға, оқушыларға орындарынан сауалнама жүргізуге, сондай-ақ оқушыларға сыныптың фондық шуылынан педагог дауысын бөліп естіртуге мүмкіндік береді.

AYALA қоры «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасы аясында аудио сыныптарды тапсырды.

Бұл жоба Қазақстан бойынша түзету мектеп-интернаттары мен Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін балалардың есту, көру қабілетін, назарын жақсарту, интеллектуалды дамытуға көмектесу үшін арнайы жабдықтармен жабдықтауға көмектеседі.

2007 жылдан бастап бұл жобамен Қазақстанның 50 қаласында 20 мыңнан астам бала қамтылған.

Қор 19 ЕДШ кабинетін орнатты, 19 сенсорлық бөлме мен 5 Монтессори бөлмесін жабдықтады, Атырау мен Петропавлда 3 аудиосыныпты жабдықтады, түзету логопедия жабдықтарын, TOMATIS аппаратын және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту үшін басқа да көптеген қажетті құрылғыларды орнатып берді. Жоба жалғасуда, себебі жыл сайын елімізде түзету мекемелерінің саны артып келеді.


Соңғы жаңалықтар