Атырауда «Арнайы автобазаның» бұрынғы басшылары сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Арнайы автобаза» ЖШС бұрынғы басшылары Самат Тұрниязов пен оның орынбасары Асқар Қалдыбаев жалпы режімдегі колонияда 5 жылдан жазаларын өтейді, деп хабарлайды ҚазАұпарат тілшісі.

№2 қалалық сотында «Арнайы автобаза» ЖШС бұрынғы басшылары мен екі фирманың басшылары Ербол Қуаныш пен Артур Сұлтановтың қылмыстық ісі бойынша сот отырысы өтті. Оларға біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемденді немесе жаратты, қызметті уәкілеттіктерін асыра пайдаланды, ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Айыптау нұсқасы бойынша, ЖШС басшылары мемлекетке 65 млн 300 мың теңге залал келтірген», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Сондай-ақ, С.Тұрниязов ұлы Е.Қуанышқа тегін техника беріп, «Арнайы автобаза» ЖШС-ға 41 млн 300 мың теңге залал келтірген.

«Түрниязов пен Қалдыбаев 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сұлтановтың бостандығы 5 жылға шектеліп, пробациялық бақылау белгіленді. Ол мәжбүрлі жұмысқа тартылады. Е.Қуаныш 195-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, бірақ айыптау мерзімінің ескіргеніне байланысты қылмыстық жауаптан босатылды», - деді Б.Ғалиев.

Сотталушылар соттың шешімімен мемлекетке келтірген залалдарын өтейтін болады.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар