+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Атырауда Армениядан әкелінген 1000-шы автокөлік тіркелді

2020 жылғы 24 шілде 22:12
Бөлісіңіз:
Атырауда Армениядан әкелінген 1000-шы автокөлік тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Армениядан әкелінген 1000-шы автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік құралдарын тіркеу үшін иелері Армения Республикасының уәкілетті органынан берілген құжатты, жеке куәлігі, мемлекеттік тіркеу мен баж салығын төлеу туралы түбіртектерді сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұсынуы қажет. Бұл құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды куәландыруы тиіс.

«Біздің елімізде тіркеуден өткен көліктерге сары түсті мемлекеттік нөмір беріледі. Ал. оң жақ рөлді көліктер тіркеуге жатпайды. Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелері туралы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы арнайы Call- орталықтарында, сонымен бірге, 8775-056-94-68, 98-10-55 телефондары арқылы түсінік беруде.

Осы кезге 2500 азамат, оның 1114-і мамандандырылған ХҚКО-дан тиісті кеңестер алды.

Маусым айынан бері Армения Республикасынан әкелінген 1000 көлік құралы есепке алынды» - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Оның айтуынша, Атырау облысына Армения Республикасынан 7000-ға жуық, оның ішінде 2279 оң жақ рөлді көліктер әкелінген. Ал, 1000-ға жуық көлік еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына сақтандыру және сенімхаттар бойынша беріп жіберілген. Сондай-ақ, 200-ден астам көлік техникалық жай-күйіне байланысты бөлшектеліп кеткен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда полицейлер құжатсыз жанармай тасымалдағандарды ұстаған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT