Атырауда арматура жеткізушілер монополияға қарсы заңнама талабын бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда арматура жеткізушілер монополияға қарсы заңнама талабын бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары жүргізген талдауда құрылыс материалдары нарығында бағаның өсуінің негізділігі тұрғысынан монополияға қарсы заңнама бұзылған.

«Арматура нарығында тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын «УралМеталлИнвест» және «Қазтемірконтракт» ЖШС-нің жұмысына талдау жүргізілді. Талдау қорытындысына сәйкес, бұл компаниялардың іс-әрекетінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде арматураға бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Осыған байланысты компанияларға бағаны төмендету қажеттілігі туралы ұсыныс жолданды. Аталған компаниялар монополияға қарсы органның ұсынысымен арматура бағасын 9%-ға дейін төмендетті» -деген ақпарат таратты өңірлік департаменттен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сауда желілері азық-түлік жеткізушілерден төлемдерді заңсыз талап еткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар