Атырауда арбаға таңылған мүгедекті құлдықта ұстағандардың ісі тексеріліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда арбаға таңылған мүгедекті құлдықта ұстап келгендердің үстінен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2010 жылы оны біреулер Атырауға алып келген. Содан бері оны алдап, құлдықта ұстаған. Өзінің айтуынша, күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беріп отырған.

«Аталған бейнежазбаға қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Айта кетелік, әлеуметтік желілерде мүмкіндігі шектеулі азаматтың 10 жылдан бері құлдықта отырғаны туралы бейнежазба тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар