Атырауда аптап ыстықтан жедел жәрдем шақырушылар көбейген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда аптап ыстықтан жедел жәрдемді шақырту көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аптап ыстық басталғалы бері жедел жәрдемді шақырту орташа есеппен 25-30% артқан.

«Бұған дейін 103 қызметіне тәулігіне орташа есеппен 750-800 шақырту келіп түскен. Ал, қазір шақырту саны 950-ге дейін өсті. Демалыс күндері облыс тұрғындарынан түскен қоңырау саны 1100-ге жетті. Жедел жәрдемге артериялық гипертониясы, сондай-ақ, инсульттан кейінгі асқынуы бар тұрғындар көп шағымдануда» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жедел респираторлық аурудың таралуы артқан. Дәрігерлер мұны бөлме температурасының өзгеруімен, салқын суды ішумен байланыстырып отыр.


Соңғы жаңалықтар