Атырауда аптап ыстық: Энергетикалық кәсіпорындар күшейтілген режімде істеуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аймақтың энергетикалық кәсіпорындары Атыраудағы электр қуатының өшіп қалуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар Рахмановтың дерегі бойынша, мұндай жағдай тек Атырауда емес, Маңғыстау облысында да болған.

«Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасының көтерілуіне байланысты Атырау ЖЭО жабдықтары дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Электр энергиясы генерациясының мүмкіндігі сағатына 260 мегаватты құрайды. Өткен аптада энергия тұтынудың күрт өсуіне байланысты барынша өндіруге мәжбүр болдық. Қазір ол мәжбүрлі шара. Жабдықтардың қажетінше суытылмауы салдарынан автоматика іске қосылып, салқындату кезінде жарықты сөндіріп жатыр. Бұл да мәжбүрлі шара. Біз оны қолданбасақ, жабдық істен шығуы мүмкін. Ең бастысы, апаттық жағдай болған жоқ, барлығы штаттық режімде жұмыс істеп тұр», - деді А.Рахманов.

KEGOC АҚ Батыс бөлімшесінің директоры Константин Чернохаевтың пікірінше, аптап ыстыққа байланысты электр энергиясын тұтыну көлемі артқан.

Энергетиктер осы мәселені шешу үшін барлығын істеп жатқандарын айтты. 

Соңғы жаңалықтар