+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Атырауда апатты жағдайдағы 7 жатақхананың тұрғындары баспаналы болады

2019 жылғы 4 қараша 16:06
Бөлісіңіз:
Атырауда апатты жағдайдағы 7 жатақхананың тұрғындары баспаналы болады

НҰР-СҰЛТАН - АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы апатты жатақханалардың тұрғындары баспаналы болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кентауда 120 отбасы баспаналы болды Бірнеше отбасы үйінді астында қалуы мүмкін – Депутат оралмандар баспанасы туралы

«Тұрғын үй саласында 7-20-25 бағдарламасы бойынша 512 өтінім келіп түсті. 300-і мақұлданды, 3 млрд 789 млн теңгеге 276-сі берілді. «Бақытты отбасы» аясында - 51 адамға, көпбалалы отбасыларға - 96 пәтер берілді», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының дерегінше, Атырау облысында апатты жағдайда тұрған 79 үй бар. Соның 74-і Атырау қаласында орналасқан. Оның 12-сі - жатақхана.

«Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа 240 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін соның үшеуін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, апатты 12 жатақхананың жетеуінің тұрғындарын көшіреміз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Атырау өңірінде 5533 пәтерлік 77 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған болатын. Оның ішінде 2755 пәтерлік 32 үй бүгінде пайдалануға берілді. Қалған үйлерді 2020 жылы қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір орталығында тұрғындарға қолайлы болуы үшін қоғамдық көлікте сараланған тариф енгізілгенін айтқан еді.

«Өткен жылдың қазан айында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырауда электронды билеттеудің қанатқақты жобасы енгізілді. 11 қазанда жол ақысын төлеу жүйесін электронды нұсқаға ауыстыру үшін дифференцияланған тариф іске қосылды. Қазір қоғамдық көліктегі жол ақысын төлеу 85 пайыз электронды түрде жүргізіледі деп сеніммен айтуға болады», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT