+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

2020 жылғы 3 шілде 17:50
Бөлісіңіз:
Атырауда апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда осы кезге дейін апатты тұрғын үйде тұрып келген 32 отбасы жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл елордада пайдалануға берілетін үй саны өткен жылғыдан екі есе көп- әкім Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды Алматыда қанша адамның баспана кезегінде тұрғандығы белгілі болды

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, былтырдан бері апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын жаңа мекенге көшіру жалғасып жатыр.

«Өткен жылы А.Құнанбаев және Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатақхананың тұрғындары «Береке» ықшамауданындағы жаңа үйге көшірілді. Ал, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Атап айтқанда, М.Әуезов көшесінде орналасқан №22 үйдің тұрғындарына «Жұлдыз» ықшамауданындағы үйден пәтер берілді. Ал, Достық көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары «Береке» ықшамауданындағы жаңа мекенге көшірілді. Енді міне, «Бірлік» ықшамауданындағы АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы «Жұлдыз» ықшамауданына қоныс аударды» деп хабарлады Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мамандары.

Аталған бөлім мамандарының айтуынша, апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын көшіру жалғаса береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT