Атырауда аңшы қоян атамын деп қомақты қаржысынан қағылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында қоян аулауға шыққан аңшыға 45 мың теңге айыппұл салынды. Бұл жайында ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушы ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы калибрi 4,5 миллиметрден асатын қаруды заңсыз сақтаған. Сонымен қатар ол 2017 жылдың 20 желтоқсанында сағат 01:00 шамасында қарумен және 14 дана оқ-дәрімен қоян атып жүрген жерінен Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауылы маңында балық ресурстарын қорғау және орман шаруашылығы инспекторларына ұсталған.

Атырау облысының Индер аудандық сотында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылды және қаруы тәркіленіп, 45 380 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар