Атырауда анасы мен баласының баспана дауы медиация арқылы шешілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының Индер аудандық сотында анасы мен ұлының баспанаға қатысты шағымы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалында әйелдің ұлын баспанамен қамтамасыз етпестен, пәтерден отбасымен бірге шығармақ болған.

Шағымданушы арызында жауапкердің өзінің ұлы екенін, 2017 жылы бос тұрған пәтерін ұлына отбасымен бірге  уақытша тұру үшін бергенін көрсеткен. Ұлының отбасы үйді босату туралы өтінішіне құлақ аспай отырғанын айтып, соттан жауапкерді отбасымен бірге үйден шығаруды сұрады.

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасының аясында тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу әдістері түсінідірілді. Нәтижесінде, тараптар медиациялық келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер 2019 жылғы 15 сәуірге дейін үйді өз еркімен босатуға міндеттеніп, талап қоюшы келісімшарттың талаптарын қабылдап, барлық талабынан  бас тартты.

Соңғы жаңалықтар