Атырауда алтыншы қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 20 қазанда сағат 15:05-те жедел жәрдемге шақырту түскен.

«Бүгін облыстық балалар ауруханасына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан құлаған 5 жасар қыз жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр болды. Науқаста жабық бас-ми жарақаты болған. Жамбасы сынған, ішкі ағзасы зақымданған. Дәрігерлер 5 жасар қыздың өмірін сақтап қалу үшін емдеу шараларын жүргізді. Алайда, ауыр жарақат алған науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 1 жасар егіз балалар үшінші қабаттан құлап кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар