+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне 42 млн теңге тігілді

2019 жылғы 14 қазан 17:06
Бөлісіңіз:
Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне 42 млн теңге тігілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өткен «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» республикалық жарысына 42 млн теңге тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен келген 40 сәйгүлік қатысты. Бәйгеде 7, 12, 25 және 51 шақырымға жарыс болды.

Бәйгеде топ жарған Қызылорданың ағылшын-араб тұқымды тұлпары Қоянқасқа болды. Бас жүлдеге тігілген 10 миллион теңгені шабандоз Ғалымнұр Ноғайбек, баптаушысы Қуат Әбсаламов және тұлпардың иесі Бердібек Мыханов бөлісіп алды.

«Бұған дейін төрт мәрте «Алтын тұлпар» бәйгесінде қазақстандық тұқымның сәйгүліктері жүлдені ешкімге бермеп еді. Бұл жолы «шетелдік» сәйгүлік топ жарды. Спортшыларды жеңіспен құттықтаймыз!», - дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов.

Жалпы, бәйгеге 42 миллион теңге жүлде тігілді.

Авторы: А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT