+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Атырауда алғашқы жылы аялдамалар пайдалануға берілді

2019 жылғы 13 ақпан 01:12
Бөлісіңіз:
Атырауда алғашқы жылы  аялдамалар пайдалануға берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда алғашқы жылы аялдамалар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала көшелерін кеңейту және қайта құру жөніндегі жобаның аясында аялдама кешендерін жаңарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге дейін 23 жаңа аялдама павильоны сатып алынып, олардың 7-і жабық және коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған.

4 жабық аялдама павильондары келесі аялдамаларда орнатылды - «Дина», «Теміржол вокзалы», сонымен қатар Вокзал маңы ықшам ауданындағы екі аялдама.

Бастапқыда үш қала көшесін - Владимирский, Баймұханов және Таймановты жаңарту және кеңейту жобасы аясында қалалық әкімдік жеті жабық павильон сатып алды. Олардың барлығы коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын болады деген болжам жасалды. Дегенмен, тек үш кәсіпкер өздерінің бизнес нысандарын аялдамаларда ашты.

Айта кетейік, тұрғындар тарапынан аялдамалар туралы шағымдар мен арыздар бірнеше рет түскен болатын. Сондай-ақ, көптеген тұрғындар бірнеше рет автобус аялдамаларында сауда жасау үшін жағдай жасау мәселесін көтерген. Бұл ыңғайлы және тиімді. Қазір халық үшін қажетті жағдайлар жасалған.


Жабық аялдама павильондарын «Арнаулыавтобаза» ЖШС бақылайды, қала тұрғындары 7.00-ден 21.00-ге дейін қоғамдық көлік жүретін уақыттарда осы аялдамаларда жылына алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы ауылдық округ әкімдерінің есептерінің бірінде «2019 жылы Атырауда 60 жаңа аялдама сатып алынады» деп айтқан болатын. Сонымен қатар, олардың 30-ы облыс орталығында орнатылады, қалған 30-ы ауылдық округтерде шоғырланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT