Атырауда алғашқы медициналық көмек көрсететін 9 нысан салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында алғашқы медициналық көмек көрсететін 9 нысан салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байуәлиевтің мәліметінше, 2025 жылға дейін бірнеше медициналық нысан құрылысын салу көзделіп отыр.

«Атырау қаласындағы «Өркен», «Нұрсая» шағын аудандарында 250 келушіге арналған емхана мен ауылдық елді мекендерде 9 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін нысан салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Атырау қаласында 3 қосалқы стансасымен бірге жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысы бой көтереді. Бұл жобалар Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына сай жүзеге асады», - деді Асхан Байдуәлиев.

Сондай-ақ, Атырау қаласында 250 келушіге арналған психикалық денсаулық орталығы, 350 келушіге арналған көпфункциялды аурухана, облыстық онкология диспансері жанынан радиологиялық корпустың құрылысы жоспарланған.

«Бұл нысандарды іске қосу арқылы қан айналымы жүйесі, онкологиялық, тыныс алу жолдары ауруларынан болатын, сондай-ақ, нәресте мен ана өлімін төмендетуге, онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік аламыз», - деді Асхан Байдуәлиев.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуді, салаға қатысты мемлекеттік және аумақтық бағдарламалармен бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізу бағытындағы жұмыстарды қолға алуды тапсырды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 10 медициналық нысан пайдалануға берілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар