Атырауда алғашқы электробус қатынай бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда №14 маршрут бағытында жаңа электрлі автобус жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 14 наурызда «Yutong» маркасының жаңа электрлі автобусы сынақ режімінде жұмысқа кірісті. Жобаны «Атырау» ӘКК» АҚ жаңадан құрылған «Ақжайық Автопарк» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асыруда.

«Белгілі болғандай, электроавтобустар бірқатар артықшылықтарға ие. Олардың бастысы - дизельді отынды тұтынбайды. Сәйкесінше, қоршаған ортаға зияны жоқ», - деп хабарлады «Атырау» ӘКК» АҚ өкілі Саламат Омаров.

Айта кету керек, ұзындығы 12 метр автобуста отыру үшін - 34 және түрегеліп тұруға арналған 80 орын бар. Автокөліктің бірреттік қуаты 250 км/сағ есептелген. Электрлі көлік виделкамералармен, көрнекі ақпарат үшін мониторлармен, дабыл түймелерімен, сондай-ақ электронды жол ақысы үшін мобильді құрылғымен жабдықталған.

Өндіруші компания өкілдерінің пікірінше, электрлік автобустың орташа тұтынуы дизельді отынға арналған отын үнемдеуі шамамен 6,5 га құрайды.

«Егер 1 шақырымға тұтынылатын 1 кВт/сағатының құны 15 тг болса, 1 шақырымға жұмсалған 400 грамм дизель отыны 100 тг құрайды. Осындай электрлі автобустар Ақтау қаласында қазіргі таңда «қала - әуежай - қала» бағытында қатынайды», - деп хабарлады «Сарыарқа Автопром» ЖШС жобасының үйлестірушісі Роман Кривопаленко.

Айта кетейік, жаңа электрлі автобустар Атыраудағы жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту үшін құрылған «Ақжайық Автопарк» ЖШС-ға тиесілі. Қазіргі кезде компания «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен 30 жаңа автобус сатып алды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 100 осындай автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар