Атырауда алғаш рет түнгі жаппай жүгіру жарысы өтеді

None
None
  АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Астана күні құрметіне Атырау облысында кезекте тұрғандарға пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңөзек селолық округінде №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және дәрігерлік амбулаториялық бөлімше ашылды. Жылыой ауданында 580  орындық екі балабақша жұмысын бастады. Атырауда 320  орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Астананың 20  жылдығы  қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Береке ықшамауданында 195 отбасы баспаналы болды. Ол үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы 13  санат бойынша кезекте тұрғандарға берілді. 2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.  Биыл 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда бой көтерген», деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Астана күнінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарлама ұсынылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен балалар шығармашылығы фестивалі және стритболдан спорттық жарыстар өтті. Сондай-ақ, орталық алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті мен мерекелік отшашулар өтті.

Одан бөлек, бүгін сағат 22.00-де Астана күні мерекесінің аясында Атырауда алғаш рет  «Atyrau Marathon. NIGHT RACE»  түнгі жаппай  жүгіру  жарысы  өтеді. 

Соңғы жаңалықтар