Атырауда алғаш рет спорттық ойын көгершіндерінің көрмесі өтті

None
None
АТЫРАУ. Бүгін Атырауда Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай спорттық ойын көгершіндерінің көрмесі республикалық деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеге Ресей мен Өзбекстан елдерінен және Ақтөбе, Орал, Тараз, Шалқар, Қызылорда, Атырау қалаларынан 60-тан астам көгершін қатысты.

«Көгершін бейбітшілік құсы. Ол халқымыз үшін аса қадірлі құстардың бірі. Бүгінгі көрмені тамашалауға келген көрермендердің қарасы соның дәлелі. Атырауда көгершін баптап, осы бір әсем құстың түрін күтетін азаматтар жетерлік. Мақсатымыз осы азаматтардың басын қосып, құс баптауда өзара тәжірибе алмасу, - дейді көрмені ұйымдастырушы, Атырау облысы жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Ерлан Табылдиев.

nullӘлем бойынша спорттық ойын көгершіндерінің көрмесі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Атырау облысында бұл алғашқы көрме.

Барлық қатысушылар сайыстың 8 түрі бойынша сынға түсті. Нақтырақ айтқанда өзбек көгершіні, солтүстік Кавказ көгершіндерінің үш түрі, Түрік, Иран көгершіндері және спорттық көгершіндер бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктер мен дипломдар табыс етілді. Қазылар алқасы Ресей мен Өзбекстаннан арнайы шақырылған болатын.

nullАйта кету керек, шараның ашылу салтанатында облыстағы көгершін спортын дамытып келе жатқан бір топ ардагерлерге құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шет елден келген қонақтарға дәстүр бойынша шапан жабылды.

Соңғы жаңалықтар