Атырауда әлеуметтік желі арқылы әккі ұрыдан жапа шеккен жандар іздестіріліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық полицейлер ұрлықпен айналысқан 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан 30-дан астам алтын бұйымдар мен өзге де мүліктер тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәртіп сақшылары тәркіленген бұйымдардың иелерін іздестіру үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалануда. Жарияланған фотосуреттің ішінен өз мүліктеріңізді таныған жағдайда «102» операторына және 98-33-02, 98-33-99 телефондарына хабрласуларыңыздар«, - деп хабарланды облыстық Полиция департаментінен.

Тәркіленген заттардың ішінде әртүрлі номиналда жасалған арнайы монеталар, ойын приставкалары, тіпті құрылыс құрал-саймандары да бар.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жыл басынан бері №2 қалалық полиция бөлімінің аумағында 123 ұрлық фактісі ашылған. Барлық тіркелген фактілердің ішінде қайталанып жасалған немесе аса ірі көлемдегі шығын келтірілгені үшін 31 факті ұрлық қылмысының ауыр түріне жатады.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың ең көп тараған әдісі пластикалық терезелерлі бұзу арқылы жасалған.

Соңғы жаңалықтар