+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сататын алаң көбейеді

2020 жылғы 19 ақпан 21:35
Бөлісіңіз:
Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сататын алаң көбейеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын алаң көбейеді. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов халыққа есеп беру кездесінде тиісті басшыларға осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл шара әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын реттеуге көмектесуі керек. Тұрғындарды ет өнімдерімен қамтамасыз ету үшін мал басын көбейту, инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңдарын құру жұмыстарын жүргізу керек. Егістік жерлер мен көкөніс сақтайтын орындар құрылысын көбейту – кейінге қалдыруға болмайтын мәселе», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен аудан әкімдеріне осы тапсырманы бақылауға алуды тапсырды. Өңірде жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында 370 шаруа қожалығына субсидия берілген.

«Бағаны тұрақтандыру –тұрғындар үшін маңызды және пайдалы. Мен осы мәселені өңір кәсіпкерлерімен кездесуде де көтердім. Біз өз тарапымыздан шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді облыс әкімі.

Авторы Жолдасбек Көшербайұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT