Атырауда алдағы жылдары 11 мектеп пен 56 балабақша салынады
2021 жылғы 18 ақпан 22:58

Атырауда алдағы жылдары 11 мектеп пен 56 балабақша салынады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында алдағы жылдары 11 мектеп пен 56 балабақша салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырыста осы мәселе талқыланды.

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаевтың мәліметінше, алдағы бес жылда өңірде 6 480 орындық 11 мектептің, 12 850 орынға есептелген 56 балабақша мен 610 орны бар 6 жатақхананың құрылысы жүргізіледі.

Сондай-ақ, 22 спорт кешенінің құрылысын салынады. Бұл тұрғындарды бұқаралық спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін 38 пайызға жеткізбек. Бұған қоса 10 медициналық нысанның құрылысын жоспарланып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 10 медициналық нысан пайдалануға беріліп, 8 мектеп пен 11 балабақша салынып жатқанын жазған болатынбыз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT