Атырауда алдағы 5 жылда 7 мың отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алдағы бес жылда 7 мың отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, Атырау облысында алдағы бес жылда 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 7 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету жаспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыста 7 кәріздік-тазарту ғимараттарын салу және қайта жаңғырту жобасын іске асыру көзделген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 10 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар