Атырауда алдағы 5 жылда 10 ірі инвестициялық жоба іске асырылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алдағы 5 жылда 10 ірі инвестициялық жоба іске асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысында белгілі болды..

«Тұңғыш Президент, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған еді. Сондықтан, бюджет қаражатының тиімді, ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен «Жол карталарын» іске асыру қатаң бақылауда болуы керек» -деді партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Ал, филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейірім Қалауи «Жол картасының» биылғы 6 айда орындалуы туралы баяндады.

«Аймақ тұрғындарының табысын арттыру үшін алдағы 5 жылда 10 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде өнеркәсіпті өркендететін 4, ауыл шаруашылығын алға сүйрейтін 2 жоба бар. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 7 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету көзделген,- деді Мейірім Қалауи.

Оның айтуынша, 10 медициналық нысан, 11 мектеп пен 56 балабақша, 22 спорт кешені салынады. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында кемінде 1000 жобаны субсидиялау, «Бизнес Аймақ» өңірлік бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне 300 шағын несие беру қолға алынбақ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 10 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар