Атырауда алаяқтық жасаған көлік инспекторы сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сот жол-патрульдік полиция сержантын алаяқтық жасағаны үшін 3,5 жылға соттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Соттың істі қарауы барысында жол оқиғасы болған жерге келген жол-көлік қызметі өкілі «Мерседес» автомобилін мінген жеңіл жол апаты қатысушысының ізін суытқанын анықтаған. Ол қымбат машинаның иесі қайда тұрып жатқанын анықтап, үйіне барып, автомобильден мемлекеттік нөмірді шешіп алған. Инспектор жүргізушіге қозғалмаған әкімшілік материалды тоқтату туралы мәселені шешуге уәде еткен. Ол өзінің «қызметін» 30 мың теңгеге бағалаған», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ол жүргізушіден ақша алғаннан кейін ұсталды. Айыпталушы мен оның адвокаты кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасауға келіскен. Сот көлік инспекторын ҚР ҚК «Алаяқтық жасау» бабы бойынша айыпты деп танып, оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды».

Соңғы жаңалықтар