Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен прокурор ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады. Ол қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдікке ілінді» делінген хабарламада.

Сот санкциясымен Жасұлан Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Іс бойынша қажетті тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар