Атырауда алаяқтық қылмысы үшін сотталған әйелдің өзге де әрекеттері анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алаяқтық қылмысы үшін сотталған әйелдің өзге де әрекеттері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, алаяқтығы үшін сотталған әйелдің 6 адамнан пәтер алып беру сылтауымен 98 млн теңге қаржыны иемденгені анықталған.

«Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 25 млн 700 мың теңгені құрайды. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бұрын алаяқ әйел 4 жәбірленушіні пәтер алып беремін деп алдаған. Сөйтіп, жәбірленушілердің 98 млн теңгесін қалтасына басқан. Бұл әйелдің алақтық әрекеті әшкере болып, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс 12 сәуірде сотта қаралды. Сот үкімімен кінәлі деп танылған әйел 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың арбауына түсуден сақтануға шақырып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 45 млн теңгеге 3 пәтер алып беремін деп Алматы тұрғынын алдаған атыраулық әйел ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар