+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда алаяқ университетке ақысыз түсіремін деп үш адамның 1,2 млн теңгесін алған

2021 жылғы 21 қазан 22:10
Бөлісіңіз:
Атырауда алаяқ университетке ақысыз түсіремін деп үш адамның 1,2 млн теңгесін алған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 37 жастағы алаяқ үш адамның 1,2 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді Жұмыс берушісінің малын сатып келген Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қазанда алаяққа алданған үш адамнан шағым түскен.

«Атырау қалалық полиция басқармасына 22, 27 және 35 жастағы жергілікті үш тұрғын арызданды. Олар 37 жастағы азаматтың жоғары оқу орнына ақысыз түсіруге уәде бергенін айтқан. Күдікті алаяқтық жолмен жәбірленушілердің бірінен 600 мың, екіншісінен 292 мың, ал үшіншісінен 350 мың теңге алған. Алайда, осы кезге дейін уәде етілген оқуға түсірмеген, не алған ақшаны кері қайтармаған. Жәбірленушілер алаяққа алдағанын біліп, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдікке ілінген алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, кетелік, бұдан бұрын Атырауда күзет басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT