Атырауда алаяқ директор тұрғындардың 300 млн теңгесін алдап алған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда алаяқ директор тұрғындардың 300 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, талдау көрсеткендей алаяқтықпен байланысты қылмыстардың саны артқан.

«Биылғы жыл басынан бері алаяқтық қылмысының тек аса ірі мөлшерде келтірілген залал түріне қатысты 10-ға жуық дерегі тіркелді. Мәселен, желтоқсан айында полиция департаментіне тұрғындардан жауапкершілігі шектелген серіктіктің бірінің директорына қатысты 40-тан астам арыз түсті. Арыз берушілер серіктестік директорының ай сайынғы пайыздық мөлшерлемемен ақша қаражатын (активтерді) айналысқа салуды ұсынған алаяқтық әрекеті туралы шағымданды. Жәбірленушілерге 300 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірілгені анықталды. Қазір аталған серіктестікке қатысты осы тектес арыздардың түсуі жалғасып жатыр», -дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтарды алдаған «НұралиКапитал» ЖШС директоры Алматыдан ұсталғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар