Атырауда алаяқ азаматтардың 20 млн теңгесін иемденіп кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алаяқ азаматтарға жұмыс тауып беруге уәде беріп, 20 млн теңгесін иемденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотта анықталғандай, айыпталушы А.М. адамдарды жұмысқа орналастыруға, пәтер және жерді тез алып беруді уәде етіп, алаяқтық жолмен 7 жәбірленушінің ақшасын иемденген. Жалпы шығын сомасы 19 600 000 теңгені құрады. Нәтижесінде жәбірленушілер құқық қорғау органына арызбен жүгінген. Сот отырысында сотталушы А.М. кінәсін толық мойындап, процестік келісім жасауға ниет білдірген», - деп хабарлады Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Автор:

А. Соколов

Соңғы жаңалықтар