Атырауда алаяқ әйел тұрғындарды жер телімін әперем деп алдаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғынын алдаған тағы бір алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы алаяқ әйел өзінен үлкен тұрғынға жер телімін алып беруге уәде еткен.

«Интернеттегі алаяқтықтың арбауына түсетіндер қатарында ауыл тұрғындары да бар. Мәселен, 4 қыркүйекте Мақат ауданындағы Доссор кентінде тұратын 58 жастағы әйел Атырау қаласынан жер телімін алу үшін алаяққа 350 мың теңгесін берген. Кейін жер телімін алмаған. Ақшасын кері қайтара алмаған соң алаяқтың арбауына түскенін білген», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, қазір алаяқтық күдігімен ұсталған 1967 жылғы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 60 адамды жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқ ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар