Атырауда «Ақжайық» резерватының 1 гектар аумағы өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 1 гектар аумағы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт бүгін, 9 қыркүйекте сағат 14:47 минут шамасында тұтанған.

«Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының 1 гектар аумағында өрт шықты. Еркінқала ауылынан оңтүстік-батысұқа қарай шамамен 20 шақырым қашықтықта құрғақ шөптер мен қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 5 қызметкер мен 1 техника, «Ақжайық» резерватынан 35 қызметкер, 2, сондай-ақ, 4 жүзу құралы, 4 мотосорғыш жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жағалаудағы жалын сағат 16:30 минутта оқшауланып, сағат 17:00-де толық сөндірілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері 205 өрт тіркелгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар