Атырауда «Ақылды шамдар» орнатылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаңа орнатылған көше шамдарын арнайы диспетчерлік пункт қадағалайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, осы кезде Атырау қаласы мен оның маңындағы елді мекендерге жарық шамдарын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бастап LED-шамдары іске қосылуда.

«LED-шамдарының ерекшелігі, оны қуат көзінің түсетін аумағына қарай азайтып немесе көбейтуге болады. Сондай-ақ, бұл шамдарды арнайы қадағалайтын диспетчерлік пункт жұмыс істейді. Олар электронды жүйеде шамдардың жанып немесе жанбай тұрғанын анықтай алады. Жаңа жобаның мерзімі 10 жыл»,-дейді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Иғалиев.

2017 жылдан бастап «Атырау қаласындағы көше жарығы желісінің құрылысы және пайдалану» жобасы іске асырылып келе жатыр. Аталған жоба бойынша Атырау қаласының 39 көшесін жарықтандыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2 кезеңге бөлінген.

«2017 жылы LED-шамдары 19 көшеге жүргізілген болса, биылғы жылы 20 көше жарықтандырылмақ. Тағы да қаланың сыртындағы 7 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарда бар. Бұл жобалар осы жылдың соңында аяқталып, тапсырылатын болады», - дейді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Иғалиев.

Соңғы жаңалықтар