Атырауда Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ самал жыры Жайықтың» атты шара облыс әкімдігінің қолдауымен ақынның 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Оған әдебиет майталмандары, қоғам қайраткерлері мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Шығармашылық кеш ақынның өлеңдеріне қойылған сахналық көріністен басталды. «Ауыз толтырып айтарлықтай атқарған істеріңіз жетерлік. Қоғамның қоғам болып дамуына, қыздардың, болашақ аналардың тәрбиесіне қосып келе жатқан үлесіңіз – соның дәлелі. «Халқым, елім, Ақжайығым» деп жұртыңызға біраз дүние айттыңыз. Әлі де айтарыңыз бар. Қазақ «күн - ортақ, ай - ортақ» деп айтады. Сол сияқты сіз де бүкіл қазаққа ортақсыз. Мерейтойыңыз құтты болсын!«, - деп құттықтау сөзін жеткізді Н.Ноғаев.

Сонымен қатар, шығармашылық кеште ақынның сөзіне жазылған бірқатар әуендер орындалды.

А.Бақтыгерееваны құттықтап келгендер қатарында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, сондай-ақ Сәуле Жанпейісова және Батыс Қазақстан облысының Ғ.Құрманғалиев атындағы филормония әртістері болды. БҚО делегациясының атынан Мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, »Жайық Пресс« ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ ақынға жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Кеште Сәуле Жанпейісова ақынға арналып жазылған «Ақұштап – ақ шағала» әнінің тұсауын кесті.

Соңғы жаңалықтар