Атырауда әкімдік ғимараты бүлініп, 170-ке жуық адам ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицияға күш көрсеткен 170-ке жуық адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының коменданты-облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалевтің айтуынша, Атырау қаласының кіреберісіне 4 блокпост қойылған.

Заңсыз митингке қатысушылардың бұзақылық әрекеттерінен облыстық әкімдіктің ғимараты бүлінді. Сондай-ақ полицияның 7 көлігі жарамсыз болып қалды. Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде 36 полицей әртүрлі дене жарақатын алды. Заңсыз әрекеттер жасаған 168 адам ұсталды.

Өңірде Президенттің Жарлығымен Төтенше жағдай енгізілді. Өңірдің күштік құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Комендаттық сағат талаптарын бұзған 13 адам жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар