Атырауда әкім сайлауының әділ өтуін 150 байқаушы бақылайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында байқаушылардың партиялық емес бірлестігі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

25 шілде республика бойынша аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

Партиялық емес байқау орталығының басшысы Дәурен Сейтқалиевтің айтуынша, қазір сайлау уческелеріне бақылаушыларды бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр.

- Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың әділ өтуі. Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі, оның ішінде қалада 7, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 150-ге жуық байқаушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сайлау ережелеріне сай байқаушыларға арналған семинар-тренинг оқыту іс-шаралары өтеді, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Сайлау күні бізбен бірге уческелерге барып, байқаушы боламын деген кез келген ерікті азамат алдын ала тіркеуден өтуі қажет.

Байқаушыларды тіркеу «Студенттер» даңғылы, 211 «а» (Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі ғимараты) мекенжайында жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар