Атырауда академик Салық Зимановтың есімі мектепке беріліп, ескерткіші қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда академик Салық Зимановтың есімі мектепке беріліп, ескерткіші қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, академик Салық Зимановтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай бүгін Атырау қаласындағы №37 орта мектепке Салық Зимановтың есімі беріліп, білім ордасының алдында қайраткердің еңселі ескерткіші орнатылды.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушев, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты Нәзилә Раззак, қоғам қайраткері Ирак Елекеев, Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов, Салық Зимановтың келіні Жанна Зиманова қатысты.

Заңғар заңгер Салық Зимановқа қойылған ескерткіштің авторы – мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов. Ескерткіш қоладан құйылған. Жалпы биіктігі – 4,1 метр, ескерткіш биіктігі – 2,50, тұғыры – 1,60 метр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы мектепке академик Салық Зимановтың есімі берілетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар