+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Атырауда адвокат, полицей мен үш заңгер бопсалау әрекеті үшін сотталды

2020 жылғы 21 қаңтар 18:33
Бөлісіңіз:
Атырауда адвокат, полицей мен үш заңгер бопсалау әрекеті үшін сотталды

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атырауда адвокат, полицей мен үш заңгер бопсалау әрекеті үшін сотталды.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Атырауда браконьерлік дерегімен 1500 іс қозғалды

Сотталушылардың барлығына 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңгерлер мен полицейден бөлек, іске қаланың тағы бір тұрғыны араласқан. Сотталушылар бопсалау, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, көрінеу жалған мәлімет жеткізу, сондай-ақ абайсыздан денсаулыққа зиян келтіргені үшін айыпталды. Оларды ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстады. Аталған тұлғаларға қылмыстық топ құрып, ірі қала базарларына барған деген айып тағылды. Олар көші-қон заңнамасының, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғанын анықтаған. Тәртіп бұзушыларды анықтап, олардан ақша бопсалай бастаған. Аталған тұлғаларға учаскелік инспектор көмектескен. Сауда нүктелерімен шектелмей, бопсалаушылар заңсыз жүк тасымалымен айналысқан «Алматы - Атырау« жолаушылар құрамының жолсеріктерінен де алым-салық жинап отырған», - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Оның айтуынша, тергеу барысында ұсталғандардың барлығы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерге келтірген шығынның орнын толтырғанын хабарлады. Процессуалдық келісім жасалды. Дегенмен, сот барлық сотталушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT