Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Атырауда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған жүргізуші сотталды

2018 жылғы 5 желтоқсан 20:45 98
Бөлісіңіз:
Атырауда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған жүргізуші сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған азамат 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт қылды Оралда екі адамды қағып кеткен мас жүргізуші қамауға алынды

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотталған Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Басты сот талқылауында анықталғандай, Т. 2018 жылдың маусым айында «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігін Атырау-Астрахань тас жолында басқарып келе жатып, «Тойота-Ипсум» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Алынған жарақаттар салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза болып, қалған жолаушылар әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алған. Сотта Т. өз кінәсін толық мойындады», - деп хабарлады Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, сот Т.-ны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, қосымша жаза ретінде 6 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік, Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT