Атырауда Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында ұйымдастырылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиында қарымды қаламгердің өмірі мен туындылары кеңінен сараланды.   

  Өз заманында Әбіш Кекілбаев  қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына  зор үлес қосып, Шекспир, Чехов, Толстой шығармаларын  қазақ  тіліне аударған.  Сәйкесінше, оның туындылары да  әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрді. «Мен өмірде жолым болған адаммын, өйткені, Әбіштей заңғар тұлғаны жеке таныдым. Оның бірнеше шығармасын жолдасым екеуміз мажар тіліне аударған болатынбыз.   Әбіштің жазу шеберлігіне   шығармасы жазылған кітаптардың әр парағы дәлел бола алады. Ол өз заманының  озық жазушысы бола білді», - дейді Будапешттегі қазақ диаспорасының төрағасы Оңайша Мандоки. Айта кетейік, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белгілі профессорлар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.

Соңғы жаңалықтар