Атырауда 91 метрлік тутұғырдың құрылысы басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 91 метрлік тутұғырдың құрылысы басталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі ағымдағы жылдың ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде жобаны таныстырған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тутұғыр Ә.Жангелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында орналасатын болады. Тутұғыр кешенінің табанының аумағы 57 шаршы метр, ал биіктігі 91 метр болады. Тутұғыр көлемі 112 шаршы метр болатын жаңа алаңда орналасады. 

Сонымен қатар, тутұғырдың екі жағына екі субұрқақ салынады. Субұрқақтар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады.

Тутұғыр қаланың барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болатыны сөзсіз. 91 метр жоғарыда орналасатын мемлекеттік туымыз қаламыздың сәнін келтіретін болады. 

Айта кетейік, құрылыс жер пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарынан төленіп,мемлекеттік жеке меншікке қайтарылған қолданбаған жер бөлігінде орналасады.

null null nullnull 

Соңғы жаңалықтар