Атырауда 900 оқушыға арналған жаңа мектеп есігін ашты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 900 оқушыға арналған жаңа мектеп есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарқынды дамып келе жатқан Нұрсая шағын ауданында жаңа заманауи мектеп бой көтерді. Тұрғын үй құрылысы үзілмейтін жерде, балалар саны да үнемі өсіп отыратыны белгілі. Олардың көпшілігі оқу үшін онсыз да артығымен толған қалалық мектептерге автобуспен қатынауға мәжбүр еді. Осы білім мекемесі қала шетіндегі өсіп келе жатқан шағын ауданда салынған үшінші мектеп. Ол 900 оқушыға арналған.

Мектептің ерекшелігі - ол облыс орталығындағы ең ірі білім мекемесіне айналды. Мектеп ғимараты үш қабатты етіп салынған. Дене шынықтыру үшін үш спорт алаңы бар. Мұнда баскетбол, волейбол және басқа спорт түрлерімен айналысуға арналған залдар бар. Бұл мектептің оқушыларының енді өз футбол алаңы бар, ол барлық қажеттіліктермен жабдықталған, соның ішінде алаңы да заманауи жабындымен қамтамасыз етілген», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Білім басқармасының хабарлауынша, құрылыс компаниясы мектепті келісімшарт мерзімінен бірнеше ай бұрын тапсырған. Оны жаңа жылға қарай ашу керек еді. Қалада барлығы 59 мектеп бар.

Жаңа мектеп бюджеттен ақшаға салынбаған. Мектеп құрылысына қаражат облыста жұмыс істейтін мұнай компанияларының бірінен бөлінді. Ақша арнайы бағдарлама бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында берілді. Осы бағдарлама бойынша қалада мектептерден басқа, балабақшалар мен мәдени үйлер де салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар