Атырауда 9-11-сынып оқушылары сабақты қашықтан оқуды жалғастырады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының мектептерінде 9-11 сыныптардың оқушылары ІІІ тоқсанның сабағын қашықтан оқуды жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-11 сыныптардың оқушылары үшін сабақты офлайн өткізу жөнінде шешім қабылданбаған.

«Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысына сәйкес, оқушылар сабақты қашықтан оқиды. Бұл өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының бас санитар дәрігерінің №71 қаулысында: «Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген еді.


Соңғы жаңалықтар