Атырауда 82 адам коронавирус жұқтырып, 81 науқас сауығып шыққан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 82 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 81 пациент сауығып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте тағы да қауіпті індетке шалдыққандар саны көбейген. Мәселен, Атырау қаласында 26 адам, Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде 54 жұмысшы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал Құрманғазы ауданында – 1, Индер ауданында 1 адамнан қауіпті вирус анықталған.

«Науқастардың арасында 17 адамда коронавирустың симптомды түрі байқалды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 81 адам емделіп шықты. Қазір 232 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8, модульдік стационарда 109, ал аудандардағы стационарларда 18 адам ем қабылдап жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 266 пациент оқшауланды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір тәулікте 65 адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар