+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2021 жылғы 17 сәуір 19:58
Бөлісіңіз:
Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті Үндістанда карьердегі жарылыс салдарынан 10 адам қаза тапты Екі жүзден астам ақмолалық оқушы республикалық олимпиадаға қатысуда

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Атырауда кәмелет жасына толмаған 5 жасөспірімнің 8-сынып оқушысын ұрған видеосы тараған еді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 12 сәуірде сағат 18:30 шамасында Атырау қаласындағы мектеп-интернат ғимаратының артында болған.

«Аталған видеоға байланысты полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жағдайды жәбірленуші тараптың анасына хабарлаған. Қазір осы оқиғаға қатысы бар 5 жасөспірім, оның ішінде мектептің 4 оқушысы мен колледждің 1 студенті анықталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, жауапқа тартылған жасөспірімдер оқитын білім беру мекемелерінің басшыларынан түсініктеме алынған. Ал, соққыға жығылған оққушыға психологтің көмегі көрсетілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір отбасының екі баласы наркологиялық есепке алынғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT