+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Атырауда 77 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр

2020 жылғы 19 ақпан 13:06
Бөлісіңіз:
Атырауда 77 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 77 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, Атырауда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы жалпы ауданы 933,7 мың шаршы метрді құрайтын 7146 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды. Ал, былтырдан бері «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан 77 көп қабатты тұрғын үйдің 31-і пайдалануға берілді. Бұларда 5,5 мыңнан астам пәтер бар.

«Биыл 16 жалдамалы тұрғын үй тапсырылады. Қазір облыста мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 28 301 адам тұр. Былтыр осы тізім бойынша 470 адам баспаналы болды» - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, өңірде апатты жағдайда және тозығы жеткен 87 үй бар.

Жолдасбек Көшербайұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT