Атырауда 72 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан 5адамның арасында 72 жастағы қария бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бүгін, 26 сәуірде инфекциялық стационардан 5 адам шыққан. Олардың бәрі коронавирус індетінен айыққан.

«Бүгін тағы 5 адам инфекциялық стационардан шықты. Қауіпті індеттен айыққандар –30 және 56 жастағы ер адамдар, 46, 56 және 72 жастағы әйелдер. Осылайша, Атырау облысында коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны 47 адамға жетті», - деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.


Соңғы жаңалықтар