Атырауда 72 тұтынушының екі млн теңгеден астам ақшасы қайтарылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 72 тұтынушының арызына сәйкес 2 210 343 теңгесі қайтарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уәлиевтың мәліметіне сүйенсек, атыраулық тұтынушылардан 237 арыз түскен.

Оның ішінде 137 арызданушыға түсіндіру жұмысы жүргізілген.

«Тұтынушылардың 72 арызына жауап беріліп, 2 210 343 теңгесі қайтарылып берілді. Ал, 23 арызда қозғалған мәселе департаменттің қызметіне қатысты болмағандықтан, тиісті органдарға жолданды», -дейді Әлем Уәлиев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 117 тұтынушы тікелей және байланыс телефоны арқылы консультативтік кеңес алған.

Сондай-ақ, e-tutynushy.kz сервистік платформасына түскен 12 арыздың 7-еуінің иесіне түсіндіру жұмысы жүргізілген.

Ал, 5 арыз иесінің талабы қанағаттандырылған.

Еске сала кетелік, Атырауда жыл басынан бері 19 тұтынушыға 1 млн-нан астам теңгесі қайтарылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар